Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда соққыға жығылған сот орындаушысы үй иесін теуіп, өзі бірінші жанжал бастаған (видео)

Алматыда ішінен соққы алып әлеуметтік желіні шулатқан Әділ Ермеков үй йесі Мақсот Ысқақовты бірінші болып тепкен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан төбелесті бірінші болып Әділ Ермеков бастағанын байқауға болады. Онда үйді қиратуға келген сот орындаушысы үй иесі Мақсот Ысқақовтың құйрығынан теуіп жібереді. Осыдан кейін Ысқақов Ермековті ішінен екі рет ұрып құлатады. 

Естеріңізге сала кетейік, 4 қазанда Алматыда тұрғын қызметін орындау барысында ер адам сот орындаушысының қабырға аймағына екі рет ұрған.


Алматыдағы жанжал кезінде соққының астында қалған сот орындаушы жауапкершілікке тартылды


Сот орындаушылары палатасында ер адам сот орындаушыларды полицейлеердің көзінше ұрып тастағаны айтылды.  Олардың айтуынша, оқиға кезінде полицейлер қашып кеткен.

Ұйым сондай-ақ атақты қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың бұл жанжалға қатысы бар деп мәлімдеді.

Кейін Алматы қаласы Бостандық облысы бойынша полиция департаментінің бастығы сот орындаушыларына тағылған айыпқа жауап берді.

Алматыдағы қақтығыс кезінде жараланған сот орындаушы видео түсіріп, өзін соққыға жыққан адамды түрмеге отырғызғысы келетінін айтты.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 27 Қазан, 2021 17:23
Талқылау