Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда сирек кездесетін қаруларды заңсыз сатып келген топ ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында заңсыз қару айналымын анықтауға бағытталған арнайы операция өткізіп, мұны ұйымдастырған күдікті мен оның көмекшілерін ұстады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қару

Ведомство мәліметінше операция алдында зерттеу жұмыстары ұзақ жүргізілген. Нәтижесінде оқ-дәрімен ататын және өзге де суық қаруды, сонымен қатар оқ-дәрінің сирек кездесетін түрлерін жеткізу мен сату жүйелерін анықтады.

“Қаскөйлер құпиялық шараларын қатаң сақтап, саудалаудың қалыптан тыс әдістерін пайдалану арқылы қылмыстық ұйымның жұмысын әшкерелеуді қиындатқан. Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыстық бизнеске тосқауыл қойылды. Қару-жарақтың негізгі бөлігі жақын шет елдерден қалыптасқан құпия арналар арқылы жеткізіліп тұрған”, – делінген ҰҚК хабарламасында. 

Сонымен қатар заңсыз айналымнан 12 қару (жетілдірілген тапаншалар, мылтықтар, заманауи жабдықталған қарулар), 2 000-нан аса оқ-дәрі, сонымен қатар суық қарудың бірнеше түрі (лимит аясында жасалған қымбат пышақтар, қанжарлар, қылыштар, жүзі жасырылған қол таяқтар және басқа) алынды. Қазір жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Талқылау