Алматыда шіріген ағаш төрт көліктің үстіне құлады
Алматы қаласындағы «Көкбазарда» құлаған ағаш төрт бірдей көлікті басып қалды. Көліктерге айтарлықтай зақым келген, ал жүргізушілер дін-аман, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Зенков көшесінің бойында ағаш төрт бірдей көліктің үстіне құлады.
«Дәл қазір жүргізушілер құлаған ағашты көтеру үшін кранды күтіп тұр. Олардың ішінде біреуі ешқандай шағымының жоқ екенін айтып кетіп қалды. Қалғандары полицейлердің көмегіне жүгінді. Ешқандай жел болмаған, ағаш шіріп кеткендіктен құлаған», - деді құтқару қызметіндегілер.
Оқиға болған жерде полицейлер мен төтенше жағдайда құтқару қызметіндегілер қатар жұмыс істеп жатыр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”