Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда шетелдік студент 17 жастағы қызды зорламақ болған деген күдікке ілінді

Фото: Depositphotos.com / VitalikRadko

Желіде алматылық әйел 17 жастағы қызды шетелдік студент зорламақ болды деген ақпарат таратты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматылық әйелдің айтуынша, оқиға желтоқсан айының соңында қала орталығында, үйлерінің жанында болған. Қыз емтиханнан кейін үйге оралған кезде қауіпке тап болған.

Анасының айтуынша, оның қызы мүгедектігі бар және паллиативті күтімде. Сол күні ол ауруына байланысты қызының қасында бола алмаған. Ал қыз қорыққанынан көмекке шақыра алмай қалған. Сондай-ақ оқиғаға қатысы бар күдіктінің Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенті екенін мәлімдеді.

Полиция аталған адамның жеке басын анықтап, ұсталғанын хабарлады. Қазір оқиғаның мән-жайлары толық тексеріліп жатыр.



Еске салайық, бұған дейін Оралда 5 жасар қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталғанын жазған едік. Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта адам ұрлады және бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды. 32 жастағы ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің аса қатаң қауіпсіздік режиміндегі мекемесінде өтейді.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 29 Желтоқсан, 2025 11:50