Алматыда "саяси тұтқындарды" босатуды талап етіп митингке келгендерді полиция ұстап әкетті
Бүгін, 24 сәуір күні Алматыдағы Шоқан Уәлиханов алаңында рұқсат етілмеген митинг өтті. "Саяси тұтқындарды" босатуды талап етіп шыққан 12 белсендіні полиция ұстап әкетті, деп жазады Orda.kz. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
24 сәуірде күндіз ондаған белсенді Ғылым академиясының алдына жиналып, "саяси тұтқындарды", қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандарды босатуды талап еткен. Келгендер арасында митингті ұйымдастырған белсенді Әйгерім Тілеужан да бар.
Наразылық акциясын ұйымдастырушы Әйгерім Тілеужанова наразылық білдірушілер ұсталғанға дейін бірнеше минут бұрын әкімдікке митинг өткізу туралы хабарлама тапсырғанын, алайда жазбаша түрде ешқандай түсініктеме берілмегенін айтқан.
- Шымкентте қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандардың туыстары прокуратура алдында аштық жариялады
- Қайрат Құдайбергеннің не себепті ұсталғаны белгілі болды
- "Қазақстанда әйелдің құқығы тапталмайды": Алматыда феминистерге қарсы митинг өтті
Сенбі күні Ғылым академиясының алдында шағын жәрмеңке де ұйымдастырылып, жастар жаңбыр астында билеген.
Полиция шараға қатысушыларды Бостандық полиция бөліміне алып кеткен. Олардың арасында журналист Данияр Молдабеков те бар.
Талқылау