Алматыда Regional Advertising Forum 30 қазанда өтеді

Биыл 30 қазанда Алматыда Regional Advertising Forum (RAF) өтеді. Жарнама және медиа саласының жетекші сарапшылары, талдаушылары мен тәжірибелі мамандары бұл жолы Forum сауда орталығының 5-қабатындағы Event Space алаңында (Сейфуллин көшесі, 617) бас қосады.
Форумның тақырыбы: "Өзгерістер хаосынан – нақты жоспарға"
Қазір жарнама бизнесі де, жалпы әлем де, қарқынды трансформация кезеңін бастан өткеріп отыр. Жаңа технологиялар, тұтынушылардың өзгеріп жатқан әдеттері, экономикалық және мәдени ауысулар, тұрақсыз нарық пен мүмкіндіктердің көбеюі мұның бәрі белгісіздік әсерін туғызады.
Көптеген маман "қай бағытта даму керек, неге сүйену қажет, қандай құралдар шын мәнінде нәтижелі?" деген сұрақтарға жауап іздеп келеді.
Форумның мақсаты мен міндеттері
• Тұтынушылардың мінез-құлқы мен медианы пайдалануындағы қазіргі трендтер мен мүмкіндіктерді талдау, сондай-ақ саланың алдында тұрған сын-қатерлерді анықтау.
• Стратегиялық жоспарлау, digital және офлайн құралдардағы жаңа тәсілдер мен шешімдерді ұсыну.
• Брендтер мен агенттіктердің даму бағыттарын айқындау, аймақтың брендтері, агенттіктері, жарнама берушілері мен медиа платформалары арасында тәжірибе алмасуға және диалог орнатуға мүмкіндік беретін алаң құру.
• Нетворкинг пен пікірталас форматтары арқылы Орталық Азиядағы жарнама индустриясының дамуына қолдау көрсету.
Форум бағдарламасы саланың негізгі тақырыптарын қамтиды:
• Стратегиялық жоспарлау, аналитика, тұтыну трендтері.
• Болашақтың жарнама агенттігі.
• Digital-маркетинг, нейромаркетинг, креативті тәсілдер мен жасанды интеллект технологиялары.
• Тележарнама.
• Сыртқы жарнама. DOOH жоспарлау: аналитика, басқару және тиімділік.
• Жаңа шынайылықтағы Event және BTL форматтары.
RAF дәстүрі бойынша Tribune басылымының сыйлығын табыстаумен аяқталады. Бұл марапат бесінші рет өткізіліп отыр және Қазақстан мен Орталық Азиядағы өз саласындағы бірегей жоба болып саналады.
Сыйлық төмендегі 5 номинация бойынша үздік материалдарға беріледі:
• Үздік сұхбат
• Үздік мақала
• Үздік арнайы жоба
• Үздік жаңалық
• "Назарда" айдарындағы үздік материал.
Әр номинация бойынша ең көп қаралым жинаған 5 материал шорт-листке енеді. Жеңімпаздарды жарнама, медиа және PR саласының беделді өкілдерінен құралған қазылар алқасы анықтайды.
Форум соңында RAF-2025 қатысушылары еркін форматтағы фуршет барысында бейресми әңгімелесуге мүмкіндік алады.
Іс-шара гибридті форматта өтеді, офлайн және онлайн. Форум спикерлерінің сөздерін Қазнеттің танымал платформаларында тікелей эфирде көруге болады. Бағдарлама және қатысу шарттарымен сілтеме арқылы танысуға болады.
Форумның серіктестері мен ұйымдастырушылары
Бас серіктес – Integral Ad Science
Ресми серіктес – Admixer Media
Серіктес – International Media Service
Іс-шара серіктесі (Event-партнер) – халықаралық EZ Solutions агенттігі
Ақпараттық серіктестер: Tribune.kz, Optimism.kz, Exclusive.kz, WE project, Bizmedia, Marcom club, Marketing.uz, Stan.kz, Бизнес Номады, Nur.kz.
Форумның ұйымдастырушысы – Орталық Азия Жарнама Қауымдастығы (ЦАРА) барлық мүдделі мамандарды бұл іс-шараға қатысуға шақырады.

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
