Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Qaznews24 паблигінің авторына қатысты сот отырысы басталды

Алматыда QazNews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебектің соты басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жасап хабарлайды. 

Фото: Instagram парақша qaznews24 

“Темірлан Еңсебектің соты басталды, бірақ оның өзі тағы да сот залында жоқ. Ол тергеу изоляторынан онлайн қосылды. Соңғы отырыста Еңсебек адвокатын үнемі ести алмайтынын айтып, өзін сот залына шығаруды талап еткен”, – деп жазды журналист Данияр Молдабеков өзінің Telegram арнасында.

Сот отырысында байланыс нашар болып, Темірлан Еңсебектің дауысы дұрыс естілмеген. Журналистің айтуынша, судья Бейнегүл Кайсина журналистерге сот залынан тікелей хабар таратуға тыйым салған. Фото және видео түсіруге рұқсат етілді, бірақ тікелей эфирге шығуға рұқсат етілмеді.

“Сіздің не айтқаныңызды мүлдем түсінбедім”, – деді айыпталушы. Темірлан Еңсебектің адвокаты Жанар Балғабаева Темірланды қорғану құқығынан айырып отырғанын айтты.



Судья Кайсина Темірлан Еңсебектің өзін сот залына әкелу туралы өтінішін қабылдамады және бүкіл сот процесі аралас режимде, яғни онлайн және офлайн режимінде өтетінін мәлімдеді.

“Байланыс нашар болса да, Еңсебекті сот залына әкелмейді. Белсенділер мен Еңсебектің достары дәлізде “Ашық сот” деп айқайлап тұрды”, – деп жазды журналист.

Оның сөзінше, қазір іс қаралып жатқан сот залы өте тар. Сондай-ақ журналист ғимаратта сотқа қатысқысы келетіндердің бәрі сыятындай залдың барын білетінін айтты.

Еске салайық, Qaznews24.kz парақшасының авторы, белсенді Темірлан Еңсебек 17 қаңтарда ұсталған еді. Оған Қылмыстық кодекстің "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бабы бойынша іс қозғалған. 

Кейін полиция департаменті Темірлан Еңсебекті “ұлтаралық алауыздықты қоздыратын айқын белгілері бар материалды орналастырғаны” үшін ұстағанын мәлімдеді. Құқық қорғау органдарының дерегінше, қазір Еңсебек Instagram-парақшасында жариялаған “Йоу, орыстар” әнінің авторы іздестіріліп жатқан көрінеді. 

Талқылау