Алматыда полицейлер самокатпен рейдке шықты

Видеодан скриншот
Алматыда “STOP бұзушылық” өңірлік жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында микромобильдік құралдарды пайдалану қағидаларының сақталуына бақылау күшейтілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Электрсамокаттардың қайта шығуына орай патрульдеуге мобильді самокаттық экипаж шығарылды. Олардың құрамына учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналдық полиция қызметкерлері кірді. Жалпы білім беретін оқу орындарының маңына және оған іргелес көше-жол желілеріне назар аударылды.
Бір күнде электрсамокаттарын пайдалану қағидаларын 70 рет бұзғаны анықталды, оның ішінде 10-ы кәмелет толмағандар жасаған.
- Электрсамокаттарға мемлекеттік нөмір беріледі: Жаңа ереже бекітілді
- Алматы полициясы самокатты дұрыс емес жерге қойғаны үшін айыппұл салуды ұсынды
Кикшеринг компанияларымен бірлесіп, құқықбұзушылық жасаған пайдаланушылардың 7 аккаунты бұғатталды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың 3 заңды өкілі балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
“Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың электрсамокаттарын қалай және қай жерде пайдаланатынына ерекше назар аударуларыңызды сұраймын. Кәмелетке толмағандарға мұндай көлік құралдарын басқаруға жол берілмеуі тиіс. Бұл – ең алдымен олардың қауіпсіздігі мәселесі. Сіздердің жауапкершіліктеріңіз, – ықтимал тәуекелдердің алдын алу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу”, – деді Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.
Еске салсақ, Алматыда электрмобильдер қатаң бақылауға алынатыны айтылды.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді