Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда патрульдік көлікпен болған жол апаты: Дәрігерлер полицейдің жағдайы туралы айтты

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында әл-Фараби даңғылындағы жеңіл автокөлікпен жол-көлік оқиғасы кезінде патрульдік көлікте болған полицейдің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам № 7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды.

"Қазіргі уақытта науқас ауруханада. Қажетті терапия мен ем алады. Жәбірленуші есін біледі, дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалайды", - деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.

Еске салайық, 27 тамызда Nissan Premier автокөлігі Дулати көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, әл-Фараби даңғылы бойындағы күзет орнында тұрған патруль машинасын қағып кетті. Соқтығысу салдарынан полиция қызметкерлерінің бірі ауыр жарақат алды. 

STAN.KZ
Жұма, 28 Тамыз, 2020 18:13
Талқылау