Алматыда пәтер сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жаңартылды
Фото: Stan.kz
Алматы қала құрылысы бақылау басқармасы құрылыс нормаларын бұзған тұрғын үй кешендерінің жаңартылған тізімін жариялады. Тізімде төрт аудан бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Реестрге құрылысқа толық рұқсат құжаттары жоқ, жобадан ауытқып салынып жатқан немесе басқа да заңбұзушылықтары бар тұрғын үйлер қосылды. Бұл тізім жарияланған күнге өзекті", – делінген ресми хабарламада.
Бүгінгі күнгі жағдай бойынша тізімде 28 тұрғын үй кешені бар.
Алатау ауданы:
- ЖК "Питтсбург" – Дархан шағынауданы, Сабатаев көшесі, 24
- МЖК "Достар Deluxe" – Мәдениет шағынауданы, 185/8
Алмалы ауданы:
- ЖК "Auezov Apartments" – Қарасай батыр көшесі, 183/19
- ЖК "Tole bi Residence" – Аносов көшесі, 103 Б
- ЖК "Кабанбай батыр" – Исаев, Қабанбай батыр, Байғанин, Қарасай батыр көшелерінің қиылысында
- ЖК "M-Park" (2-кезең) – Әуезов көшесі, 2/8
Бостандық ауданы:
- ЖК "Швейцария" – Нұрлытау ш/а, уч.1480/1, 1480/10, 1480/8, 1480/6, 1480/23, 1480/22
- Клуб үйі "Rich" – Мирас ш/а, 24/1, 24/2
- ЖК "7 Avenue" – Ремизовка ш/а, 7-ші тұйық көше, 71, 73, 75 учаскелері
- Атаусыз МЖД – Ерменсай ш/а, Жәңгір хан көшесі, 46
- ЖК "Evim novo" – Қарғалы ш/а, Кенесары хан көшесі, 85/3
- ЖК "Barakat" – Нұр-Алатау ш/а, Тауасарұлы көшесі, 71/5, 71/6 учаскелері
- ЖК "Montblanc" – Ерменсай ш/а, 7-тұйық көше, 8 учаскесі
- Тұрғын үйлер құрылысы – ПК Горный Гигант, 596/4 учаскесі
- Бағбан үйлер – ПК Жанару, 556 учаскесі
- ЖК "Alatau park" – Нұр-Алатау ш/а, Баязитова көшесі, 13
- МЖК "Баганашыл" – Мамыр баубақша серіктестігі, 138/2, 138/3, 138/4, 138/5 учаскелері
Медеу ауданы:
- Клуб үйі "Sky Club House" – Фонвизин көшесі, 28
- Клуб үйі "Maison" – Шашкин көшесі, 42/1
- Клуб үйі "Pine Hill Residence" – 2-көше, 33 учаскесі
- Клуб үйі "Alma Garden" – 6-көше, уч. 7, 9
- Атаусыз МЖД – Нұрмағамбетов көшесі, 374/1
- Клуб үйі "Compositor" – Жамақаев көшесі, 108 учаскесі
Наурызбай ауданы:
- ЖК "Люксембург" – Қарғалы ш/а, Қали Надыров көшесі, 71, 73, 75 учаскелері
- ЖК "Flora" – Тастыбұлақ ш/а, Таутаған көшесі, 6, 8, 10 учаскелері
- ЖК "Lantana" – Үлкен Алматы ауылдық округі
- ЖК "Французский дом" – Қарағайлы ш/а, Чапаев АКХ, 426 учаскесі
- Атаусыз МЖК – Кенесары хан көшесі, 98 учаскесі.
Басқарма мәліметінше, бұл нысандардың бір бөлігіне құрылыс рұқсаттары мүлдем берілмеген және кейбірінің құрылысы әлі басталмаған. Мұндай үйлер, әдетте, интернеттегі мониторинг барысында анықталады.
Астанада 400-ден астам үлескер жоқ үйге 4,5 миллиард теңге ақша салып жіберген
Еске салайық, былтыр 26 қаңтарда Алматыда сатып алу ұсынылмайтын тұрғын үйлер тізімі жаңарғанын жаздық. Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы құрылысқа рұқсат беру құжаты толық емес, жобадан ауытқыған және басқа да бұзушылықтармен салынып жатқан тұрғын үйлердің тізімін дайындады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
