Алматыға келген Қытай азаматтарын ұстап, ақша талап еткен (видео)

Фото: Видеодан скрин
Алматыда бір топ адам өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, Қытай азаматтарынан ақша талап еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күдіктілер топ болып әрекет етіп, алдымен көшеде бір шетелдікке жақындап, өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Кейін оның уақытша тұратын жеріне барып, ақша талап еткен. Алдын ала мәлімет бойынша, алаяқтар шетелдіктерден шамамен 5,5 миллион теңге алып қойған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
“Күдіктілердің жеке тұлғалары аз уақытта анықталды. Біз олардың азаматтарды алдау және полиция қызметкері атынан ақша талап ету әрекеттерін тоқтаттық. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деді Алатау ауданы полиция басқармасының бастығы Едилхан Байгараев.
Нұр-Сұлтанда ер адам өзін полиция қызметкері деп таныстырып, жезөкшені бопсалаған
"Қысым көрсеткен": Павлодар облысында әскери қызметкерден ақша бопсалағандар ұсталды
Алматы қаласының криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияровтың айтуынша, осындай қылмыстық схемаларды анықтау жұмысы алдағы уақытта күшейтіледі. Ол азаматтарға әрбір заңсыз әрекет мұқият тексерілетінін және кінәлілер жауапқа тартылатынын ескертті. Қазір полиция күдіктілердің бұған дейінгі жасаған заңсыз әрекеттерінің бар-эоғын тексеріп жатыр.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев