Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда оффлайн емтиханнан кейін үш оқушы COVID-19 жұқтырып алды

Алматы физика-математика бағытындағы "Назарбаев Зияткерлік мектебінің" (ФМБ НЗМ) 12-сыныбының үш оқушысы коронавирус инфекциясымен ауырып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Алғашқы емтихандардан кейін 12 сынып оқушылары арасында коронавирус инфекциясын жұқтырған үш оқушы анықталды. Оқушылар әртүрлі сыныпта оқиды. 4-6 мамыр аралығында НЗМ-де оффлайн емтихан тапсырған еді", - дейді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов

Сондай - ақ, оның айтуынша, кесте бойынша емтихан тапсыру 11, 13, 17 мамырға жоспарланған.

Алайда, мектепте сырқаттанушылықтың тіркелуіне байланысты келесі күндері емтихан өткізу мәселесі туындайды, - деп түсіндірді Алматы қалалық ССЭК басшысының орынбасары.

Ол НЗМ - де байланыс жасайтындардың барлығы-сегіз оқытушы және сыныптар бойынша 35 оқушы ПТР-тестпен тексерілгенін, жұмыстағы нәтижелерін атап өтті.

Үш сынып карантинге жабылды, мектепке дезинфекциялық өңдеу жүргізілді, НЗМ әкімшілігіне эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулы берілді.

Жанна Мәлік
Жексенбі, 09 Мамыр, 2021 17:50
Талқылау