Алматыда мотоциклшінің кесірінен екі жұмысшы ажал құшты (видео)
Әлеуметтік желіде Алматыдағы жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады. Қатты жылдамдықпен келе жатқан мотоциклист жол бойындағы екі жұмысшыны қағып өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Желіде тараған видеодан мотоцикл жүргізушісінің қатты жылдамдықпен келе жатып, жеңіл көлікке соғылғанын көруге болады. Салдарынан мотоцикл жол жиегіне шығып кетіп, онда тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқан үш жұмысшыны, екі ер адам мен әйелді қағып кетті. Екі ер адам оқиға орнында көз жұмды, әйел ауруханаға жеткізілді.
Алматы полициясының мәліметінше, жол ережесін бұзған мотоцикл жүргізушісі аман қалған.
“Ол қазір күзетішінің бақылауында ауруханада жатыр”, – деп мәлімдеді ведомство.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"