Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мопедтің қатысуымен болатын жол апаттарының саны көбейген

Алматы қаласында мопед жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасының саны күрт артты. Соңғы бес айда қос дөңгелекті құралды тізгіндегендердің 150-і түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

мопед

Дәрігерлер қалада статистиканың күрт артып бара жатқанына алаңдап отыр. 

“Жетінші ауруханаға ай сайын мопедтің қатысуымен болған жолкөлік апатына түсіп, жарақат алған 20-30 адам келіп түседі. Үш санатқа бөлсек болады. Біріншісі, мопед айдайтындар, екіншілері жаяу жүргіншілер, үшіншілері көлік тізгіндегендер. Жарақаттары әр түрлі. Бірінің басына зақым келсе, енді бірінің аяқ-қолы сынып ауруханаға жеткізіледі”, – деді Алматыдағы №7 ауруханасының бөлім меңгерушісі Елдар Кұрмаев.

Алматы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мопедтің кесірінен жарақат алғандардың қарасы 2022 жылмен салыстырғанда 20%-ға артқан. Соңғы 5 айдың өзінде 150 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Солардың бірі — Аман Асқар. Айтуынша, өз жолағынан бұрыламын дегенде автобус қағып кеткен.

“Басыма бе сағат ота жасады. Бұл аяқ астынан болған жағдай. Өзім мопед жүргізетін достарыма айтайын дегенім, жолда абай болыңыздар. Бұған дейін көп сәт болды. Сол себепті алғысым шексіз, өмірімді құтқарып қалған дәрігерлерге!” – деді ол.

Назархан Уән
Сенбі, 24 Маусым, 2023 10:26