Алматыда медицина қызметкерлері тапшы: Бірқатар жұмыс орындары ашылды
Елдің ірі мегаполисі Алматының инфекциялық және провизорлық стационарларда жұмыс істеуге дайын мамандарды қажет етеді. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тиісті хабарландыру денсаулық сақтау басқармасының ресми парақшасында жарияланды.
Бірнеше білікті дәрігерлер, соның ішінде инфекционистер, пульмонологтар мен реаниматологтардың бос орындары ашылды. Сондай-ақ, орта және кіші медициналық қызметкерлер үшін де жұмыс бар.
Айта кетейік, қазіргі таңда еліміздегі эпидемиялогиялық жағдай ушығып кетті. Соның салдарынан бірқатар аймақтардағы ауруханаларда науқастар жататын орын жетіспеушілігі байқалуда.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”