Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда құрамында 15000 мүшесі бар азаматтық топ митинг ұйымдастырмақ

Қазақстан полициясына реформа керек деп бастама көтерген топ Алматыда митингке шықпақ. Құрамына 15000 адам мүшелікке өткен азаматтық топ 4 тамызда Абай алаңына жиналу үшін әкімдікке өтініш жолдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап. 

Алматыда құрамында 15000 мүшесі бар азаматтық топ митинг ұйымдастырмақ

Фото: ДВД Алматы

Былтыр әйгілі спортшы Денис Тен қылмыскерлер қолынан қаза тапқанда Facebook желісінде құрылған белсенділер бір жылдық жұмысына қорытынды жасады. Полиция жұмысына көңілі толмайтын олар аталған күштік құрылымға өзгеріс керек деп бастама көтерген болатын.

Белсенді топтың сол кездегі негізгі талаптарының бірі Ішкі Істер министрі Қалмұханбет Қасымовпен Алматы полициясының басшысы Серік Күдебаевтың отставкасы еді. Бірақ бір жыл өткен соң, қозғалыстың мүшелері "бір адамды ауыстырғаннан ештеңе өзгермейді, біз ондай талап қоймадық" дейді. 

Соңғы бір жылда полициямен бірлесе жұмыс жасадық деген олар Ішкі істер министрлігіндегілерге көңіліңіз тола ма деген сауалға ашып жауап қатпады. 
 

Талқылау