Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда курьер тауарларды алушыларға жеткізбей, өзі иемденіп отырған

Алматыда курьер тауарларды алушыларға жеткізбей, өзі иемденіп отырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Полицияның хабарлауынша, курьер тауарды жеткіземін деп алып кетіп, тапсырыс берушілерге табыстамаған. Зардап шеккендер полицияға шағым түсіргенге дейін курьер өзінің құйтырқы әрекетін жасауды тоқтатпаған. 

“28 жастағы курьер анықталып, ұсталды. Тергеу айғақтарды анықтап, ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр", – деп түсіндірді полиция қызметкерлері.

Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Ол Өзбекстан азаматы болып шықты.

Аталған фактіге қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

 

Талқылау