Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Арбатта биік өкшелі аяқкиіммен билеген қыздарды полиция ұстады

Видеодан скриншот

Алматыдағы Арбатта биік өкшелі аяқкиім киіп билеген қыздарды полиция ұстап әкетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматыда бір топ қыздың High Heels билеген видеосы желіде тарады. Кадрлардан көшенің қақ ортасында қара қысқа белдемше киген қыздардың билеп жатқанын көруге болады. Оны айналада біршама адам тамашалап тұр.

Алайда аздаған уақыттан соң полиция келіп, биді бөліп жіберді. Осылайша қыздар бөлімшеге жеткізіліп, онда 4 сағат болған. Мұны хореограф Ділназ Ғалымжанова хабарлады. Желі қолданушылардың бір тобы мұны ерсілік десе, енді бірі жарасымды екенін жазып жатыр.


Киіз үйде жартылай жалаңаш билегендер: Іс әлі сотқа жетпеген, прокуратура қайта сараптама тағайындады


Алматы қалалық полиция департаменті қыздарды неге ұстап әкеткендерін түсіндірді.

“Осы орайда стационарлық бекетте болған полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау үшін қатысушыларды Алмалы аудандық полиция басқармасына шақырды.
Бөлімшеде олармен қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу және қоғамдық орындарда қандай да бір іс-шараларды өткізу кезінде белгіленген ережелерді сақтау туралы профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Түсініктемелерден кейін барлық қатысушы босатылды”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін желіде киіз үйде жартылай жалаңаш билеген жастардың видеосы тарағаны туралы жазған едік.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 20 Мамыр, 2025 15:54
Талқылау