Алматыда коронавируспен күресу үшін 12,2 млрд теңге бөлінді
Алматыда коронавируспен күресу үшін 12,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Коронавирус инфекциясымен күресу үшін 12,2 млрд теңге бөлінді. 1 шілдедегі жағдай бойынша алынған қаржыландыру көлемі 11,4 млрд теңгені құрады. Оның 8,9 млрд теңгесі, яғни, 86,8%-ы игерілді", - деді қоғамдық кеңес отырысы аясында Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының орынбасары Әлфия Рақышева.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған мәліметтер бойынша, коронавирус инфекциясымен күрес аясында қалада аурухана салынды, жеке қорғану құралдарын сатып алу жүргізіліп, көлік құралдарын, кіреберістерді, аула аумақтарын дезинфекциялау бойынша қызметтер жалғасуда. Эпидемиологиялық іс-шараларды өткізуге тартылған адамдардың, қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті сақтауға тартылған қызметкерлердің тұруына жағдай жасалған.
"Аяғын орындыққа қойып отырады, жарқылмен қайта-қайта видео түсіреді": Қазақстандықтар қоғамдық орындардағы әдепсіздіктер туралы айтты
Дарья да кинотеатрға баруды әлдеқашан қойғанын айтып, көрермендердің мәдениетіне шағымданды
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Куәгерлер "сотталушы ішімдік ішті ме?" деген сұраққа жауап бере алмады
8 маусымдағы сот отырысына Александр Пак онлайн қатысты