Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда коронавирус жұқтырған әйел сау баланы дүниеге әкелді

Алматыда коронавирусқа шалдыққан әйел сау бала босанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

атырау

Жүкті әйел коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған үшін 13 сәуір күні ауруханаға жеткізілген. Сынама нәтижелері оның індетке шалдыққанын анықтаған. 

Әйел 15 сәуір күні кесарь тілігі арқылы босаныпты. Дүниеге келген ұл баланың салмағы 3,5 кг болыпты. Жаңа босанған келіншектің сөзінше, бұл оның екінші баласы көрінеді. 

«Баладан шұғыл түрде анализ алынды. Нәтижесінде вирус жұқтырмағаны анықталды. Қазір нәресте балалар бөлімінде жатыр», - деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Қазір әйелдің жағдайы жақсығ алдағы уақыттан  инфекциялық ауруханаға ауыстырылады екен. Дәрігерлердің сөздерінше, баласы анасы індеттен жазылғаннан кейін ғана табысталады.

Еске салайық, бұған дейін Қызылордада індет жұқтырған әйелдің де ауруға шалдықпаған бала босанғаны туралы айтылған еді. 


Коронавирус жұқтырған жүкті әйел комада жатып босанды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр