Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен оқ атқан ер адам ұсталды

Алматы полициясы көпқабатты үйдің терезесінен оқ атқан ер адамды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Бейнеден алынды

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамнан үш патроны бар RETAY PT24 сигналдық тапаншасы тәркіленген.

"Алматы криминалдық полициясының қызметкерлері әлеуметтік желідегі дабыл бойынша жедел әрекет ету аясында тұрғын үй кешендерінің бірінің балконында ауаға екі рет оқ атқан Атырау облысының тұрғыны 2000 жылы туған Х. есімді азаматты анықтап, ұстады", - делінген хабарламада.

Бостандық аудандық ішкі істер бөлімі ұстаған азаматтың әрекетіне құқықтық баға берілді.

"Оның үстінен келесідей құқық бұзушылықтар бойынша хаттамалар жасалды: ҚР қылмыстық кодексі 485-бабы - қаруды заңсыз қолдану. Айыппұл - 20 АЕК (69 000 теңге); ҚР қылмыстық кодексі 437-бабы - тыныштықты бұзу. Айыппұл - 5 АЕК (17 250 теңге). ҚР қылмыстық кодексі 492-бабы – тіркеусіз тұру. Айыппұл – 7 АЕК (24 150 теңге), – деп атап өтті полиция.

Талқылау