Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы отбасылар баспаналы болды

Алматыда Тәуелсіздік күні қарсаңында жүздеген отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев "Шаңырақ" және "Нұрлы жер" бағдарламалары бойынша баспана алған бақытты жаңа қоныс иелерін құттықтады.

"Шаңырақ" бағдарламасы бойынша Наурызбай ауданындағы "Нұрлы дала" тұрғын үй кешенінен 232 пәтер берілді. Бұл бағдарлама мемлекет басшысының тапсырмасымен қолжетімді несиелер арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

"Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасының "жалдамалы баспана" бағыты бойынша кезекте тұрған 140 адам пәтер кілтін алды. Түрксіб ауданының "Жас қанат" ықшамауданында 80 пәтер, Алатау ауданының 13-ші ықшамауданында 60 пәтер берілді. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша аз қамтылған отбасылардағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

Пәтер кілттерін тапсыру рәсімінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, жаңа қоныс иелеріне бақыт тіледі.



"Тәуелсіздік күнінде баспаналы болу – зор қуаныш. Үйлеріңізде әрқашан бейбітшілік, қуаныш пен тыныштық орнасын! Қоныс тойы құтты болсын!" - деді Б. Сағынтаев.

Жыл басынан бері Алматыда пәтерге мұқтаж 2184 отбасы баспанаға ие болды. Соның ішінде "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 289, "Бақытты отбасы" – 376, "Шаңырақ" – 250, "Алматы Жастары 3.0" – 1000, "ТҮҚЖБ-ның несиелік тұрғын үй желісімен" 360 адам баспаналы болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр