Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денесі бөлшектеніп қалған: Алматылық әйел көп қабатты үйден секіріп кетті

Алматыдағы әйел адам тұрғын үйдің 15-қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Бостандық ауданында орын алған оқиғаны көрген куәгерлер келіншектің денесі бөлшектеніп кетті дейді. Куәгер Евгений Солдатенконың айтуы бойынша, оқиға әп сәтте орын алған. 

"Мен жүк тасымалдаушымын. Осы кешеннен шақырту алып, көлігіме мына үйдің жиһаздарын тиеп жүрдім. Бір уақытта күзетші жігіттердің айқай-шуы естіле бастады. Жоғарыға қарағанымша қыз баланың дене бөліктері әп-сәтте алдымда жатты. Қатты биіктен секіргендіктен ағза мүшелері жан-жаққа шашырап кетті", - дейді ол. 

Полиция мен жедел жәрдем қызметін де куәгерлер шақыртқан көрінеді. Тәртіп сақшылары, марқұмның кім екенін анықтап жатыр.

"15 қабаттағы балконның терезесінен жас әйел секіріп түсіп өкінішке орай оқиға болған жерде жан тәсілім етті. Анық болғандай бұл азаматша жүйке ауруына шалдыққан. Арнайы есепте тұрады. Болған оқиғаның толық мән-жәйлары және себеп-салдары алдағы сот алды тергеу кезінде анықталатын болады", - дейді Алматы қалалық ПД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Тергеу барысында әйелдің жүйке ауруымен ауыратынын анықтаған. Әзірге келіншектің не себепті мұндай әрекетке барғаны белгісіз.  

Талқылау