Алматыда жүргізуші өзін тоқтатқан полицейді 200 метрге дейін сүйреп әкетті
Алматы қаласында кроссовер жүргізушісі полицейді 200 метр қашықтыққа сүйреп өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқыс жағдай Мақатаев пен Пушкин көшелерінің қиылысында болды.
Дереккөзінің хабарлауынша, полицей көлікті дұрыс жерге қоймағаны үшін жүргізушінің үстінен хаттама толтырмақ болған. Осы сәтте қара кроссовер жүргізушісі бірден газды басып, оқиға орнынан жасырынбақ болады.
Патруль қызметкері өз кезегінде көлікке жабысып үлгереді. Жүргізуші оны 200 метрдей қашықтыққа сүйреп өтеді. Тоқтаған кезде тәртіп сақшысы шыдамай жерге құлап түседі. Ол әртүрлі жарақатпен медициникалық мекемеге жеткізілді.
Ереже бұзушы оқиға орнынан жасырынды. Қазір оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”