Алматыда көлік жардан құлап кетті: Екі адам жарақат алып, біреуі қайтыс болды
Ішінде төрт адам бар УАЗ көлігі отыз метрлік жардан құлады. Үш адам жарақат алған, біреуі оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Трагедияның қалай болғанын полицейлерге УАЗ көлігінің жүргізушісі айтып берді. Ол дәрігерлер тексерген соң апат болған жерге қайта оралды.
Оның айтуынша, олар көлікпен таудағы сазды жолмен жүріп келе жатқан. Кенеттен жол опырылып, жермен бірге көлік жардан құлаған.
Жүргізуші мен екі жолаушы көліктен шығып, төртінші адамды алып шыққан. Ол өзгелерге қарағанда ауыр жарақаттанған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алайда бұл еш нәтиже бермеген. Ер адам жедел жәрдем бригадасы жеткенге дейін көз жұмды. Өзге жолаушылар ауруханаға жеткізілді.
Талқылау

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
Алматы әкімдігі Сайранда су қоймасы мен оның маңын тазарту бойынша сенбілік өтетін айтты

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
Адамдар жүйке жүйесіне әсер ететін улы зат – күкіртсутекпен уланып жатыр