Алматыда "Қоқыссыз таза табиғат" жалпыұлттық акциясы өтті
2 мыңнан аса алматылық “Ұлттық рухани жаңғыру” ұлттық жобасының аясында өткен жалпыұлттық іс-шара барысында Алатаудың бөктерін қоқыстан тазартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қоқыссыз таза табиғат" жалпыұлттық іс-шарасына қатысқан ерікті жастар мен табиғатқа жанашыр қала тұрғындары, қолдарына қап алып, туристер көп келетін жерлермен жүріп өтті.
Нақтырақ айтсақ, 5 топқа бөлінген табиғат жанашырлары Бутаковка шатқалы, Көкжайлау, Қимасар, Казачка және Өтпелі шатқалын тұрмыстық қалдықтардан тазартты.
1) Бутаковка шатқалы – орманшы үйінен "Бутаковка" төменгі сарқырамасына дейін;
2) Ақбұлақ – Көк Жайлау – "Ақбұлақ" аялдамасынан Көк Жайлау үстіртіне дейін;
3) Казачка шатқалы – Казачкадағы жабық шлагбаумнан Көк Жайлау үстіртіне дейін;
4) Қимасар шатқалы – қараусыз қалған үйден Қимасар шатқалындағы кемпинг аймағына дейін;
5) Өтпелі шатқалы – тас аялдамадан "Қыздың көз жасы" сарқырамасына дейінгі аралықтарды қамтыды.
Акция табиғатқа саналы, ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған.
Бастамаға қоғамдық ұйымдар, азаматтық белсенділер, студенттер және қала еріктілері қосылады деп күтілуде.
Экологиялық акцияға қала әкімі де қатысты. Сенбілік кезінде барлығы 35 тонна қоқыс жиналып, Медеу ауданында 250 түп алма ағашы мен 500 тал егілді.
Республикалық ауқымдағы шараның мақсаты – демалушыларды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыру.
Айта кетейік, биылғы жылдың тоғыз айында Іле Алатау ұлттық паркіне 630 мыңға жуық адам келген.

Желіде қазақстандықтарды біздің өңірде күшті жер сілкінісі болады деп қорқытып жатыр: Болжам қандай?
