Алматыда Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдық мерейтойы атап өтілді
“Ұлттық рухани жаңғыру” ұлттық жобасының аясында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жобалық кеңсесінде Кеңес Одағының батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың 100 жылдық мерейтойы атап өтілді.
Биыл Кеңес Одағының батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толады.
Қаламызда батырдың ғасырлық мерейтойына орай іс-шаралар ұйымдастырып есімін ұлықтау - жастарды өз отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелейді, ерекше патриоттық рух береді.
Мерейлі датаға орай түсірілген 6 бөлімді тарихи сериал телеарналарда көрсетіліп, деректі шығармалар топтамасы ұсынылмақ.
Бүгінде егеменді еліміз тарихында Мәншүктей батырлардың үлесі орасан зор.
Алматыда Мәншүк Мәметова атындағы көше және мектеп бар, монумент- мүсіндер орнатылған.
Аты аңызға айналған батыр қыздың ерлігі жас ұрпаққа ұран болып қастерленіп, есімі мәңгі сақталады.
Талқылау

"Жиырмадан асқан жігіттер қырындайды": Қызының қатарласындай жас көрінетін 40 жастағы қазақстандық әйел желі жұлдызына айналды
Альбинаны көбіне қызының құрбысы немесе әпкесі деп ойлайды екен

Тұрғын үй кіреберісіне балалар арбасын, велосипед және тағы басқа зат қойғандарға қандай жаза бар
Подъезге жеке заттарын және қоқыс қойғандарға 19660 теңге айыппұл салынады