Алматыда қатты жауыннан Almaty Arena кешенін су басып қалды
Кеше қатты жауған жауыннан Almaty Arena мұзды кешені суға толып кеткен. Кешен өкілінің айтуынша, жаңбыр суын бұру жүйесі толассыз жауған жауынға төтеп бере алмай, үш жайды су басқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қалыптан тыс жауын-шашын салдарынан пайдаланылған шатырдың жаңбыр суын ағызатын жүйесі істен шығып, үш бөлмені су басты. Қазіргі уақытта су толығымен шығарылды, опырылған жер жоқ, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде", – деп хабарлады Almaty Arena-да.
Айта кетейік, 24 маусым күні Алматыда қатты жаңбыр жауа бастаған, оның салдарынан көліктер мен ғимараттар зардап шекті.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ