Алматыда ұры емізулі баласы бар әйелді тонап кетті
Алматыда ер адам емізулі баласы бар әйелді тонап кетті. Бұл қылмыс тал түсте Наурызбай ауданында орын алды. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Қаскүнем әйелдің күртешесінің қалтасынан ұялы телефонын білдірмей жымқырған. Ол құрбанының аңғармай қалатын сәтін пайдаланған, Бұл кезде әйелдің қолында нәрестесі болады. Сәбиін арбаға салып жатқан кезде бөтен адамның мобильді құрылғыны қалтасынан қалай шығарғанын байқамай қалады”, – деп хабарлады Әбдірахманов.
Қолында баласы бар ана ұрыны бірден қолға түсірмеген.
“Әйелден арыз түскеннен кейін іздестіру шараларына біздің қызметкерлер қосылды. Нәтижесінде күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ол 35 жаста. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта азаматтың “бөтен адамның мүлкін ұрлау” бойынша екі фактіге қатысы бар екені анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу Наурызбай аудандық полиция бөлімінің тергеушілеріне тапсырылды”, – делінген хабарламада.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
