Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған ерлі-зайыптыларға іздеу жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті "Елімай-2019" қаржылық пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы мониторингінің мәліметінше, "Елімай-2019" кооперативінің басшысы Ербол Қызбаев пен оның жұбайы Жазира Өмірбаеваларға мемлекетаралық іздеу жарияланған.

"Ұйымдастырушылар тұрғын үй кооперативі деген жалған атпен азаматтардан қаражат жинаған. Қазіргі уақытқа дейін 90-нан астам жәбірленуші өтініш білдірген", – дейді баспасөз қызметі.



Тергеу алданған адамдардың саны саны әлдеқайда көп болуы мүмкін деп есептейді, сондықтан аумақтық департамент зардап шеккен азаматтардың мына мекенжай бойынша хабарласуын сұрайды: Өтеген батыр ауылы Батталханов, 11А, немесе анықтама телефоны: +7 (727) 251-71-06.

Ербол Кизбаев пен Жазира Өмірбаеваның қайда екені туралы ақпарат білетін азаматтардан мына телефондарға хабарласуларын сұраймыз: 8 (727) 251 71 06; +7 701 228 02 15.

Талқылау