Алматыда “L-Капитал” қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйел құрықталды
Алматыда “L-Капитал” қаржы пирамидасының негізін қалаған әйел ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат тагенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Алматы қаласының ПД Тергеу басқармасының мәліметтері бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1962 жылы туған әйел ұсталды. Ол Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
- "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" атын бүркемеленген: Нұр-Сұлтан тұрғындары қаржы пирамидасына алданып қалды
- "Алаяқтарға қалай көмектессе, бізге де солай қолдау білдірсін": Қаржы пирамидаларына алданғандар президенттен көмек сұрайды
"Аталған компанияның салымшыларының ұжымдық мәлімдемелеріне сәйкес, ҚР ҚК-нің 217-бабының 3-бөлігі (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын бұрын хабарлаған едік. Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды. Компанияның кеңселерінде санкцияланған тінтулер жүргізілді. Толықтық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттерінің кешені барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 50 адам жәбірленуші ретінде танылған", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.
Еске салайық, еліміздегі қаржы пирамидаларының көбейіп кеткендігіне мемлекет басшысы алаңдаушылық білдірген еді.