Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда кардиологиялық орталық аумағында өрт шығып, жарылыс болды

Алматы қалалық кардиологиялық орталығында өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТЖ департаментіне сілтеме беріп.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт Алмалы ауданындағы Төле би көшесі, 93 мекен-жайында басталған.

ТЖД түсіндіргендей, ғимаратта оттегі толтыру пункті орналасқан. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін оның төбесі құлаған. Сағат 15.47-де өрт ауыздықталды.

"Департаменттің күштері мен құралдары құрамында 14 бірлік техника мен 42 адам жұмыс істейді. Жеке тұрған ғимараттың шатыры жанып тұр. Ғимаратта оттегі баллондарының жарылу қаупі жойылды", - деп хабарлады қалалық департаменттен.

Белгілі болғандай, сағат 16.07-де жалын толығымен сөндірілді.

Өрт сөндіру кезінде объктінің өкілдері қызметкерлермен эвакуация жасағанда оттегін тарату пунктінің (техник) бір қызметкері жоқ болғанын өрт сөндірушілерге хабарлады. Олардың айтуы бойынша, жарылыс болған кезде техник жұмыс орнында болған. Бұл уақытта (алдын ала берілген мәлімет бойынша) үй жай толық өртеніп төбесі ортасына түскен болатын.

Өрт сөндірушілер су құю барысында қайтыс болған адамға іздестіруді қоса жүргізді, мәйіт жарылған газ баллонының қасынан табылды.

Айта кетейік, жұма күні, 14 тамызда Алматыдағы "Қазақфильм" киностудиясында қатты өрт шықты. Өрт нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ, алайда жақында түсірілуге жоспарланған кино картинаның декорациясына зақым келген. Киностудия президенті Ақан Сатаев бұл қасақаны ойластырылған әрекет екенін айтқан.

 

Талқылау