Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда карантин жеңілдетіле ме? Бекшин жауап берді

Алматы қаласының бас мемлекеттік дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы карантиндік шараларды жеңілдету мәселесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Онлайн-брифингте Жандарбек Бекшиннен Алматыда карантиндік шараларды күшейту немесе әлсірету жоспарланған ба деп сұрады.

"Карантин соңына дейін жеңілдетуді жоспарлап отырған жоқпыз. Локдаунның нәтижесі бойынша алдағы уақытта не істейтініміз белгілі болады", - деп жауап берді Жандарбек Бекшин.

Бұған дейін Жандарбек Бекшин  алматылықтар коронавирусты қай жерден жиі жұқтыратынын айтқан еді.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 22 Шілде, 2020 17:28
Талқылау