Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда карантин шаралары күшейтілмек: Әкім орынбасары қандай шектеулер енгізілетінін айтты

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қаладағы халықтың көп шоғырланатын жерлерін атады және карантиндік режимді күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда 5 шілдеден бастап эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін қатаң шектеу шаралары қолданылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстарды талдау негізінде Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі комиссияның төрағасы, әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров карантин режимін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейтуге қатысты кеңес өткізді.

Отырысқа комиссия төрағасының орынбасары, Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Ж. Бекшин, полиция департаментінің басшылығы, сонымен қатар аудан әкімдері қатысты.

Комиссия төрағасы азаматтардың үй карантинін сақтау және адамдар көп жиналатын жерлерде тұрғындармен жұмыс жасауды күшейту, шаруашылық жүргізуші субъектілердің шектеулі шараларының сақталуын бақылауды күшейту мәселелеріне назар аударды.

Күн сайын қалада күшейтілген эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз ету үшін шамамен 35 мобильді топ жұмыс істейді. 5 шілдеден бастап 1282 учаскеде мониторинг жүргізіліп, 121 карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы анықталды. 63 нысанның қызметі өз еркімен тоқтатылды. Сонымен қатар, бақылау топтары қызметі рұқсат етілген және бақылауға алынған объектілер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ азаматтардың өтініштері фактілері бойынша мониторинг жүргізеді.

Өз үйлерінен шыққан белсенді азаматтардың саны азаюда. Алайда, талдау көрсеткендей, қаланың бірқатар шағын аудандарында халықтың шоғырлану деңгейі жоғары болып қала береді. Аудан әкімдеріне жергілікті полиция және эпидемиологиялық қызметтермен бірге азаматтардың енгізілген шектеу шараларын сақтауын қамтамасыз ету жүктелді. Атап айтқанда, халыққа түсіндіру жұмыстарын және кері байланысты күшейту тапсырылды. Елді мекендерде дезинфекциялық өңдеу күшейтіледі.

Талқылау