Алматыда карантин режимі қайта күшейтілді

Алматыда қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантиндік шараларды күшейту туралы қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құжатқа сәйкес, барлық азық-түлік және азық-түліктік емес базарлар демалыс күндері 9-18 сағат аралығында, жұмыс күндері 9-16.00 аралығында ашық болады.

ХҚО жұмысы онлайн форматқа көшірілді. Ал онлайн көрсетілмейтін қызметтер таңғы 10.00-16.00 аралығында көрсетіледі.

Сауда, ойын-сауық орталықтары 10.00-21:00 аралығында жұмыс істейтін болады. Бұл жерлерде қоғамдық тамақтану орындары, ойын-сауық орталықтары жабық болады.

Коммерциялық банктер өз қызметкерлерінің 50 пайызын қашықтан жұмыс форматына ауыстыруға міндеттеледі.

Сондай-ақ, компьютерлік залдар, боулинг, букмекерлік кеңселер, банкет залдары, бильярд залдары, караоке орталықтар жабық болады.

Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялардың бөлімшелері өз қызметкерлерінің 50 пайызын қашықтан жұмыс режиміне көшіруі тиіс.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр