Алматыда карантин кезіндегі үйлену тойы полиция қызметкерлерімен тоқтатылды (видео)
Алматылықтар коронавирусқа байланысты енгізілген карантинге қарамастан үйде той өткізбекші болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
StopCov Almaty-ның хабарлауынша, қала тұрғындары қатаң шектеулі шаралар қолданылғанына қарамастан, 30 адамға үйлену тойын ұйымдастырған.
"Наурызбай ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, мерекенің қызған шағында, Ақжар ауданындағы Жаңа Шаруа көшесіндегі тойды тоқтатты", - деп хабарлады Наурызбай ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Қазақстанда бесінші шілдеден бастап екі аптаға коронавирусқа байланысты карантин қатаңдатылған. Ел азаматтарына отбасылық, діни және өзге де мерекелерді қонақтардың шақыруымен өткізуге тыйым салынады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”