Алматыда қанша тұрғын үй кешені салынып жатыр
Алматыда бүгінгі таңда 136 тұрғы үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Олардың көпшілігі Алатау, Наурызбай мен Түрксіб ауланындарында орналасқан деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық жоспарлау және урабнистика басқармасының мәліметінше, бұл тұрғын үй кешендерінің құжаттары толық және құрылыс нормалары бойынша сараптамадан өткен.
Дегенмен Алматыда заңсыз салынған үйлердің қанша екені белгісіз мұны тек арнайы тексеріс арқылы ғана анықтауға болады. Қазіргі таңда заңсыз салынған 19 тұрғын үй кешені бойынша сот өтіп жатыр.
Krisha.kz деректеріне сәйкес 2022 жылы Алматыда 1,7 миллион шаршы метр үй салынған. Бұл шамамен 14 191 пәтер. 2023 жылы да құрылыс қарқыны бәсеңдемеген. Қаңтар айында ғана 166,6 мың шаршы метр немесе 1 455 пәтер қолданысқа берілген.
Талқылау