Алматыда қандай жанармай бекеттерінде дизель отынына шектеу енгізілген
Жанармай құю станцияларының қайсысында дизель отынына шектеу бар. Қала әкімдігі Stan.kz ақпарат агенттігі сауалына жауап берді.
Әкімдік мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда 4 жанармай құя станциялар желісі дизель отынына шектеу енгізген. Десе де нақты қанша литр көлемінде сататынын бекет өзі шешетін көрінеді.
“Қазіргі уақытта “Royal Petrol”, “Петрол Азия”, ”Sinooil”, “Газпромнефть” жанармай құю бекеттерінің желілерінде дизель отынын шектеулі түрде жіберу енгізілді. Аталған жанармай құю станцияларында шектеуді өз сұйыққоймаларындағы (резервуар) қорына сәйкес жоспарлау арқылы белгілейді. Ал “Гелиос” және “Қазақойл” жанармай құю бекет желілерінде дизель отыны еркін сатылымда”, - делінген әкімдік жауабында.
Еске салайық, бұған дейін Stan.kz Алматыдағы жанармай құю бекеттерінде 9 мың тоннаға жуық дизель отынының қалуына байланысты сатылымға шектеу енгізілгенін жазған еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”