Алматыда қалыңдықтарын "үйленемін" деп алдап, миллиондаған несие рәсімдеткен жігітке қатысты сот үкімі шықты
Фото: Жасанды интеллект
Алматыда қалыңдықтарын үйленемін деп алдып, миллиондаған несие рәсімдеткен ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
26 қараша күні Әуезов аудандық соты 28 жастағы күдікті Рамазан Исхаровқа қатысты істі қарады. Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің екі бабы: “ірі көлемде бірнеше рет жасалған алаяқтық” және “ұрып-соғу” бойынша кінәлі деп тапты.
“Соққыға жыққаны үшін айыпталушыға 40 сағат қоғамдық жұмыстар тағайындалды, алаяқтығы үшін – 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Жазаны біріктіру арқылы сот соңғы жаза ретінде 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – деді судья.
Сот үкіміне сәйкес, Исхаров төрт жәбірленушіге 34 миллион теңге көлемінде материалдық шығынды өтеуі тиіс.
- Т. К. – 5 466 836 теңге және 1,2 миллион теңге өкілдік шығындары;
- Н. Б. – 9 724 360 теңге және 1,5 миллион теңге шығыны;
- Н. К. – 4 440 000 теңге және 1,1 миллион теңге шығыны;
- Д. Д. – 14 169 887 теңге және ұрып-соққаны үшін 1 миллион теңге моральдық шығын.
Сонымен қатар сот жәбірленуші Т. К (5 миллион теңге), Н. Б (5 миллион теңге) және Н. К-нің (1 миллион теңге) моральдық шығынды өтеу туралы өтініштерін қабылдамады.
Тергеу мәліметтері сүйенсек, 2022 жылдан бастап Рамазан Исхаров әйелдердерге өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, үйленемін деп уәде беріп, кейін олардың аттарына несие рәсімдетген.
Сотта жәбірленуші ретінде Исхаров қарым-қатынаста болған және үйленемін деп уәде берген үш қыз, сонымен қатар оның бір танысы, жалпы төрт адам танылды.
Жәбірленушілердің айтуынша, төрт адамға келген жалпы зиян 80 миллион теңге болған, бірақ сот пен тергеушілер тек 34 миллион теңгені есепке алған.
Зардап шегуші Н. Б-ның адвокаты Оксана Буряк соттың есепке алған шығын сомасына келіспейтінін айтып, толық өтемді алу үшін азаматтық немесе басқа тәртіпте арызданатындарын атап өтті.
“Жәбірленуші Н. Б.-ға қатысты біз үкіммен толығымен келісеміз деп айта алмаймыз. Мұнда сотқа емес, тергеу органдарына және прокуратураға сұрақтар көп. Үкімде тек 9,7 миллион есепке алынды, ал тек Н. Б.-ға келтірілген зиян 36 миллион теңгеден асып кеткен”, – деді адвокат.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық жігіт қалыңдықтарын "үйленемін" деп алдып, миллиондаған несие рәсімдеткені туралы жазған едік.
“Не үшін тудық, не үшін бақтық?”: Ата-ананың балаға өзін асырау міндетін жүктеуі қазақстандықтар арасында қызу талқыланды