Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда халықаралық деңгейдегі футбол стадионы салынбақ

жаңа стадион салынбақФото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда жаңа халықаралық деңгейдегі футбол стадионы салынбақ. Жобамен қала әкімі Дархан Сатыбалды танысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дизайнерлердің айтуынша, стадион 35 мың көрерменге есептелген және УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай келеді. Жоба аясында жаттығу алаңдары, жанкүйерлерге арналған демалыс орындары, заманауи қауіпсіздік жүйелері және аумақты абаттандыру қарастырылған.

Стадион Құлжа мен Талғар тас жолдарының арасында, аумағы шамамен 15 гектар жерде салынады. Бұл аумақ болашақта қала үшін көлік-логистикалық хабқа айналып, көрермендер мен қонақтарға барынша ыңғайлы жағдай жасамақ.


Астанада 17 миллиард теңгеге жаңа стадион салынады


Талғар тұрғындары әкімдік "Жастар" стадионын жекеменшікке өткізгелі жатқанын айтып, наразылыққа шықты (видео)


"Президенттің тапсырмасына сәйкес жұмысты жеделдетуіміз қажет. Келер жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталуы тиіс. 2026 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау керек. Болашақта бұл жерде метро станциясы мен Алматы логистикалық хабын салу жоспарланып отыр", – деді қала әкімі.

Сондай-ақ 65 жылдан астам тарихы бар Орталық стадион сақталып, жеңіл атлетика инфрақұрылымынм сәйкес жаңғыртылады. Ол Алматы спорт тарихының бір бөлігі болып қала бермек.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы Орталық стадионы жөндеу жұмыстарына өтетіні туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сейсенбі, 26 Тамыз, 2025 11:21
Талқылау