Соңғы жаңалықтар

Алматыда ер азаматтың дүкенге қарумен шабуыл жасау видеоға түсіп қалды

Алматыда екі бірдей дүкенге қарулы шабуыл жасаған шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

магазин

"Олар аулалардың бірінен іздестірілушіге ұқсас жас жігітті байқап, оны ұстады. Күдіктіден шабуыл жасаған қару – ас үй пышағы тәркіленді, ол өз қылмысын бірден мойындады. Бейнебақылау камералары көрсеткендей, ол дүкенге сатып алушы ретінде кіріп, сатушыға пышақ көрсетіп, кассадан ақша талап еткен. Әйел адам қорқып, барлық ақшаны берген. Ең бастысы, жәбірленуші шабуыл туралы полицияға дереу хабарлады. Күдікті саналы минуттың ішінде ұсталып, Бостандық аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Ұсталған адамның азғана уақыт ішінде екі азық-түлік дүкеніне шабуыл жасағаны анықталды", – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкі командирінің міндетін атқарушы Алмас Ахмедьяров.

Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр