Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғыны тұрақ үшін заңсыз ақша алып, 15 мың теңге айыппұлмен құтылып кетті

Алматыда М.Горкий атындағы Орталық саябақ маңында заңсыз көлік тұрағын ұйымдастырған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

тұрақ

Ер адам тұрғындардан көлігін қалдырып кеткені үшін ақша алған. Ал әкімдік өкілдері аталған аймақтың ақылы қалалық тұраққа жатпайтынын мәлімдеді. 

Заң бұзған ер адамға Әкмшілік құқық бұузышылық туралы кодекстің 449-бабы "Қоғамдық орындарда тиісу" бойынша айыпталып, 15 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар полицейлер түсіндірме жұмыстан жүргізген. 

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпкерлер ақылы тұрақтар үшін әкімдікті сотқа берген еді. Сөздерінше, ақылы тұрақтардың кесірінен клиенттер келмей, пайдаларынан айырылады екен. Мәселен, бір ғана бизнес орталық клиенттер болмағандықтан, жылына 10 миллион теңгеден қағылады.

Назархан Уән
Сейсенбі, 26 Шілде, 2022 14:37
Талқылау