Алматыда ер адам көшедегі қызға қарап өзін-өзі қанағаттандырып, видеоға түсірген
Фото: Әлеуметтік желіден
Алматыда ер адам жас қыздың алдында мастурбация жасап, оны видеоға түсірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жәбірленуші қыз оқиға туралы Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Қыздың айтуынша, ол "Globus" сауда орталығының маңында орындықта отырған, бір сәтте оған қарама қарсы орындыққа ер адам отырып, мастурбация жасап, телефонына видеоға түсіре бастаған.
Астанада көлікте өзін-өзі қанағаттандырған такси жүргізушісі 15 тәулікке қамалды
Алматы қалалық полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған видео бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
"Ер адамның жеке басы анықталуда. Ұсталғаннан кейін ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады", – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда егде жастағы ер адам қызға ақшаға интим ұсынып, тиіскені туралы жазған едік.

"Эфирден қиып тастайды, концертке қатыстырмайды": Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері хиджаб кигені үшін түрлі кемсітуге тап болған
