Алматыда ер адам анасын өлтіріп, мәйітін қоқысқа апарып тастаған
Фото: istockphoto.com
Алматыда ер адам анасын өлтіріп, мәйітін қоқысқа апарып тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Newtimes.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, түнгі уақытта Гагарин даңғылының маңында ер адам кілемге оралған белгісіз затты үйден алып шығып, қоқысқа тастап кетіп қалған. Куәгерлер күмәнданып, кілемді ашып қарағанда әйелдің мәйітін көрген.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Таразда 22 жастағы жігіт өз анасын зорлады деген күдікке ілінді
Күдікті ретінде марқұмның 41 жастағы ұлы ұсталды, ер адам психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте із-түссіз жоғалған 26 жастағы қыздың мәйіті қоқыс жәшігінен табылғаны туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген