Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ер адам 14-қабаттан секіріп кетті (видео)

Алматыда ер адам тұрғын үйлердің бірінің 14-қабатынан құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы полициясы жағдайға қатысты пікір білдіріп, ер адамның өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді. 

“Аталмыш дерек Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде Қылмыстық Кодекстің 105 бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тергелуде. Себеп-салдары мен мәнжайы анықталады”, – делінген хабарламада. 

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралды. Желі қолданушылары ер адамның “Сайран” тұрғын үй кешенінен секіріп кеткенін айтады. 

18 жасқа толмағандар мен жүкті әйелдерге көруге кеңес берілмейді

 

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 21 Маусым, 2023 09:35