Алматыда элиталық үйден кезексіз үй берілетінін айтып, 10 шақты адамды алдады деген күдікпен ерекше баланың анасы қамауға алынды
Фото: Видеодан скрин
Алматыда элиталық тұрғын үй кешендерінен кезексіз пәтер берілетінін айтып, көпшілікті алдады деген күдікпен ерекше баланың анасы қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия 1 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметке сәйкес, екі әйел элиталық тұрғын үй кешендерінен кезексіз пәтер беретінін айтқан. Олар ұсынған құжатта әкімнің аты-жөні мен қолтаңбасы да болған. Алайда мұндай бағдарлама мүлде жоқ болып шықты. Ал құжаттар қолдан жасалған екен. Осылайша 20 наурызда екі адам қамауға алынып, тергеу ұзаққа созылды. Бір қызығы ұсталған екі баланың анасы Ғалия Сабырова да “әкімдіктің баспана беру туралы” ұсынысына сенгендердің бірі. Ол тұрғын үй бағдарламасының артықшылығын пайдаланып қана қоймай, басқаларды да өзімен бірге тартқан. Сабырова ұсталғанға дейін іске куә ретінде қатысқан.
Адвокаттың айтуынша, әйелдің өзі ерекше қажеттігі бар баланың анасы ретінде жеңілдетілген бағдарлама бойынша пәтер алатынына сенген. Осылайша шамамен 45 миллион теңге төлеген. Алайда басқа жәбірленушілер Сабырованың күмәнді схемаға қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Олар тергеуге мән беруді қажет деп таппаған. Өйткені бірнеше жәбірленушінің “Ғалия Сабырова бізден ақша алды” деген мәлімдемелерін жеткілікті дәлел деп есептеген. Дегенмен олардың айтқандарының нақты дәлел себебі жоқ. Ақша берілгені туралы ресми қолхаттар бар, яғни қаражат заңды түрде тапсырылған.
Жәбірленуші Наталья Мягкихтің айтуынша, Сабырова өзін әкімдікпен байланысы бар адам ретінде таныстырып, шенеуніктердің қолы қойылған құжаттарды көрсеткен. Осылайша олардың сеніміне кірген.
“Ол өзінің, туыстарының және достарының осы бағдарламаларға бұрын қатысқанын айтты. Тіпті Алматы әкімі мен Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басшысының қолы қойылған құжаттарды да көрсетті”, – дейді жәбірленуші.
Полиция департаменті істің барлық мән-жайын жан-жақты және объективті түрде зерделеуге уәде беріп, тергеу барысы басшылықтың бақылауында екенін айтты.
“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында негізгі күдіктілер анықталып, қамауға алынды. Басқа да ықтимал айыпталушылардың жеке басы анықталды. Оларға қатысты қамауға алу және процессуалдық есепке алу туралы қаулылар қабылданды. Тергеу зардап шеккендерді анықтау және әрбір эпизодты жазу үшін барлық қажет шараларды қабылдап жатыр”, – делінген хабарламада.
Қылмыстық тергеп-тексеру жұмыстары өткен жылдың күзінен бері жүріп жатыр екен. Қазір 24 өтініш қаралып, келтірілген шығын көлемі миллиард теңгеге таяп қалған. Бұл оқиғаға қатысты алаяқ кім, жәбірленуші кім екенін анықтау тергеудің еншісінде.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада білім беру орталығына миллиондап ақша төлеген ата-аналар алданып қалғанын айтып шу шығараны туралы жазған едік.

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
