Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда экология басқармасының қызметкерлеріне пара алғаны үшін 200 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Алматыда қалалық экология және қоршаған орта басқарма басшысы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы пара алды деген айыппен сотталды. Медеу ауданының № 2 сотының үкімімен оған 96 миллион теңге айыппұл салынды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сот пара

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше пара бергені үшін (ҚК 367-бабы) "Экосервис-С" ЖШС басшысы Ғ. Беркінбаев пен "Компания Стройтекс" ЖШС басшысы А. Мапаевқа  73 миллион және 64 миллион теңге сомасында айыппұл салынды.

“Парақорлыққа делдал болғаны үшін (ҚК 368-бабы) "Eco Almaty" ЖШС менеджері Б. Рахым 32 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы есебі 265 млн. теңгеден астам соманы құрады. Аталған адамдар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды. 

Экология және қоршаған орта басқармасының лауазымды қызметі М.Жексембаев "Реннесанс плюс" ЖШС өкілі Ғ. Беркінбаевтан қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау және сұрыптау үшін Алматы қаласының тұрғын үй кешендерінің аумағында жер учаскелерін берген. Бұл үшін ол 5 миллион теңге көлемінде пара алыпты. 

“М. Жексембаев "Компания Стройтекс" ЖШС директоры А. Мапаевтан Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының әкімшілік ғимаратының ЖСҚ әзірлеуге бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жалпы қамқорлығы үшін делдал Б. Рахым арқылы 3 млн. теңгеден астам ақшалай пара алды”, – деп қосты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері. 

Талқылау