Алматыда екі қабатты монша өртенді (видео)
Алматыда Бостандық ауданы Нұрлы шағын ауданындағы жұмыс істемейтін монша кешенінде жоғары дәрежелі өрт орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жедел штаб ашылып, өртті сөндірудің екі учаскесі құрылды. 66 адам, 22 бірлік техника жұмылдырылған.
Жалын 2 қыркүйек 23:00 шамасында басталып, 3 қыркүйек 00:27-де оқшауланды, сағат 01:20-да жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, жақын маңдағы үйлерге таралмады.
"Екі қабатты ағаш ғимараты өртенді. Алау – 600 шаршы метр. Ғимарат бұзылып, құлай бастады. Өрттің екі тұрғын үйге ауысу қаупі туындады. Жоғары температурадан көп пәтерлі үйдің екінші және үшінші қабаттарының балкондары ери бастады", – деп хабарлады Алматы ТЖД.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”