Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда демалыс күндері сауда орталықтары жұмыс жасай ма: Қала әкімі айтып берді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев сауда және ойын-сауық орталықтары демалыс күндері жұмыс істей ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімі кәсіпкерлерді шыдамды болуға шақырды. Ең бірінші денсаулықты ойлау керек дейді ол. 

"Кәсіпкерлердің шағымын түсінемін. Ірі сауда орталықтарында жұмыс істейтін адамдарды да түсінуге болады. Алайда осыдан біраз бұрын карантин кезінде сауда орталықтарын ашамыз деп қайтадан жаппай жұқтыру басталып кетті. Егер демалыс күндері жұмыс жасайтын болсақ, тағы да бір жарым айға жабылып қалуымыз мүмкін. Сондықтан, сәл күткеніміз жөн. Сауда орталықтары бес күн жұмыс жасап жатыр, тек қана демалыс күндері жабық болады", - дейді Сағынтаев. 

Сонымен қатар, қала әкімі жағдай жақсаратын болса, сауда орталықтары демалыс күндері де жұмыс жасайтынын айтты.

"Әрине егер қауіп азаятын болса, онда демалыс күндері сауда орталықтарын ашу мәселесін қарастыратын боламыз. Ол мемлекеттік және қалалық бас санитарлық дәрігерлермен келісе отырып жүзеге асады", - дейді Сағынтаев.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда кинотеатрлар мен театрлар ашылуға дайындалып жатқаны белгілі болған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр