Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда COVID-19 бойынша жыл соңына арналған болжам жарияланды

Алматы билігі коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша желтоқсан айына дейінгі болжамын ұсынды. Болжамды жасау кезінде оқу жылының басталуы мен оффлайн режимге ауысуға байланысты әлеуметтік қашықтықтың қысқаруы және тұрғындардың басым бөлігі жабық мекемелерде болатыны есепке алынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Болжамға сәйкес, эпидемиологиялық ахуалға мен иммундық қабаттың қалыптасуына байланысты шектеу шаралары біртіндеп алынатын болса, инфекция жұқтырғандар саны жыл соңына дейін азаяды. 
Келтірілген деректер бойынша қарашаның соңы мен желтоқсанның басында күніне 600 жағдайдың тіркелуі күтіледі. 


Нұр-Сұлтанда тұрғын вакцина алғаны үшін 2 бөлмелі пәтер ұтып алды


Болжам. Қазанның соңында бір тәулікте тіркелетін жағдайлар саны:
•    Базалық болжам – 350 жағдай;
•    Пессисмистік болжам – 550 жағдай;

Қаршаның әр тәулігіне арналған болжам:
•    базалық болжам – 250 жағдай;
•    пессимистік болжам – 620 күні;

Желтоқсанға арналған болжам: 
•    базалық болжам – 150 жағдай;
•    пессимистік болжам – 350 жағдай;

Вирус жұқтыру жағдайының өсімі күтілетін мерзім:
•    Қарашаның соңы – желтоқсанның басы (тәулігіне 600-ден аса жағдайдың тіркелуі)

Коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтатуға бағытталған шаралар:

•    Ұжымдық иммунитет қалыптасқанға дейін вакцинациялауды жалғастыру;

•    Білім беру мекемелерінің жұмысын бақылау. Ауру жұқтырғандар анықталғанда профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың уақытылы өткізілуін қадағалау;
•    Шектеу шаралары, соның ішінде, демалыс күндері мекемелерге "жасыл" статусы бар келушілерді ғана кіргізу;
•    Мониторингтік топ жұмысы.

Назархан Уән
Жұма, 08 Қазан, 2021 09:00
Талқылау